Қуат алды, әлденді. ~ Тамақсыз я тамақ кемістігінен күш құрып, әлі кетіп, қуат азаятыны да белгілі. Аш адам мен аш жандықта әл болмайды. Ас жесе күш кіреді. Ас – адамның арқауы. А.Бай. ~ Бес жасар адамның басы айналуын қойғанмен, құлағы шыңылдап, көзі қарауыта берді, қайта құлап қалмау үшін аяқтарын талтайтып біраз тұрды, есін жиғандай еді, бойына қайта күш кірді, күш кіргенін сезді де, Жоғарғы ауыл қайдасың деп зымырай жөнелді, зымырап барамын деп ойлады. Ә.Тар.
