Posted in

КҮШ КӨРСЕТТІ

Қоқан-лоққы жасады. * Әлгі қасқырды көріп алыпты да балағаттапты. Әбден жер- жебіріне жете мұқатыпты. Күш көрсеткенсіпті. М.Сүн. * Тіпті «жұтып» алғандар мен «шегіп» алғандар біреудің алақанға салып аялап өсірген бүлдіршініне күш көрсетеді екен, жұдырық көрсетеді екен дегенді де ауық- ауық құлағымыз шалып қалады. Қ.Жиенб. * Ақылды қыздар алдында әлсіздік танытсам да, былайғы қыздарға мықты едім. Қатал болып кететінім де бар, тіпті күш көрсетіп қорлауға да дайынмын. Ә.Асқ.