Сыртынан жамандау ұлғайды, артынан өсек ілесті. ~ Бас бәйгеге тоғыз-тоғыздан тігілген дүние-малдың қызығына батқан сіргелі Біркімбайдың өкпесін, тізе көрсетіп, жүре тыңдап кетті. Бірақ олжа бөлісуге келгенде ымырашылдығы бұзылып, күңкіл көбейіп, ақыры күжілдесіп, бажылдасып барып басылды. Т.Әл. ~ Тәуекел ханға шаһардың қақпасын ашқан Ташкент тұрғындарының арасында да күңкіл көбейе бастады. Хан уәдесін бұзып, жеңілген қалаға салған салығы бұқараға ауыр тиген. І.Ес.
