Posted in

КӘДЕГЕ АСТЫ (ЖАРАДЫ)

Пайдаға асты, бір керегі болды. * Майшы боп жүргенімде бостан-бос ысқыратынмын. Ал, бұл жерде ысқырық та кәдеге асты. Шебер ысқыра білмеген шопан, шопан боп па, тәйір-ай?! Т.Берд. ~ Тарих алдындағы бір қарызымды өтеп, өмірі жау мен даудың ортасында өткен Жәнекемнің де кәдесіне жараған шығармын деп ойладым. Ж.Шәк. ~ Қарулы жігіт жұмысын өндіріп тастаған екен. Қасында митыңдап Көжек те бір кәдеге жараған боп жүр. Т.Ахт.