Posted in

КӘКІР-ШҮКІР ШАРУА (ЖҰМЫС)

Жеңіл-желпі, майда-шүйде істер. ~ Тіршіліктің осындай таусылмас бәкір-шүкір шаруасына Гүлия да көндіге бастаған. О.Бөк. * Есін жиған шал ары қарай сілтеді. — Сонда деймін де, Сүкең екеуіміз шай, қант, кәкір-шүкір шаруа деп ауданға жыл он екі ай бір барамыз. М.Қаб. * Көкесі соған дейін үйдің кәкір-шүкір жұмысын бітіріп, күзгі суық басталғанша едел-жедел кіріп алмақшы. М.Қаб.