Posted in

КӘНІГІ КӨЗ

Көпті көрген; өткір, қырағы. ~ Жанары алдындағы сай-саланы тездете тінткілей бастаған. Кәнігі көз бұлақты жағалай біткен тал-шіліктің басының қозғалып тұрғанын бірден байқаған. К.Сег. * … Дүйсековтың әр тұста жасаған кіріс-шығыс документтерінде бір кәкірдің барын Бәйменнің кәнігі көзі о бастан шалып еді, қателеспеген секілді. О.Сәрс. * «Әй, қолды болған-ақ екен. Кәнігі көз, кәрі шор аяқ біреу топты жылқымен бірге оны да қоса қуып әкеткен болмасынң деп қылпылдай бастадым. Ж.Сәм.