Біреуден қорқып, өз намысыңды аяққа басу туралы. ~ Нарқоспақ. Туфлиімді тазалап қойып па едің? Бағила. Сенің
бақыратыныңды біліп кеше тазалап қойғанмын. Кәпір тоқ болса мұсылман тыныш болады деп… Т. Ахт. ~ Басқа қорлықты
айтпағанда көпшілік орындарда қазақтар бір-бірімен ана тілінде сөйлессе «кәне, орысша сөйлесіңдер» деп көзімізді шұқитын
деңгейге жетіп еді. «Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш» деумен өктем ұлттың бар құқайына бас шұлғумен күн өткен. Б.Ысқ.
~ Танымағанда қайтсін, өйткені Биекең танымағандарды «танытып» алуға машықтанған. Осы себепті олардың көбі «аш
бәледен, қаш бәле», «кәпір тоқ болса мұсылман тыныш» деп сырт айналады. Ш.Қайс.
