Қаһарланып, зәрін төкті. * Иса молда қозғалақтап түксиіп, кәріне мінді. — Ей, бала, байқап сөйле… Әттен, бөтен жердің баласы екенсің, әйтпесе кеудеңе мініп алып, дал-далыңды шығарар едім. Сендей әдепсіздің, азғынның! — деді Иса дірілдеп. С.Сей. * Жел шын кәріне мінгендей, жер топырағын суыра қатты соға жөнелген еді. Кешікпей, жаздың күнінде жеңіл киінген көйлекшең, жұртты бүрсеңдетіп, жаңбыр ықтыра соғып кеп берді. Ғ.Слан.
