Көпті көрген, өмірдің ыстық – суығын өткерген, біраз жасқа келген қария адам. * Қутыңдап қарап алып жан-жағына, Шал тұрды жеткендей бар арманына. Риза шығар, бәлкім, кәрі кеуде, Әлі де жастық оты қалғанына. С.Мәул. * Шәйі орамалдың сусылындай үлбіреген таңғы леп құрғаңқырап тұрған тамағын қытықтап өткендей болды. Сол, сол-ақ екен, жібектей ескен самал кәрі кеудені жан баспаған бір құздарға ұшырып бара жатқандай еді. Қ.Най. * Шал сол отырғаннан ләм деместен көп отырды. Баланы да босатқан жоқ. Кәрі кеуде күмбір қағып, жүрек шіркін өрекпіп кетті. Алпыстың төртеуіне шыққанын ұмытқан сияқты. Қ.Най. ~ Жас дене бар жылуын кәрі кеудеге айқара жауып жабыса түсті… Ғ.Мүс.
