Әккі, тісқаққан қу. ~ Кейінгі кезде Саурық Үнияны аузынан тастамайтын болыпты. Жесір өзімдікі дейтін көрінеді. – Кәрі қасқыр ондайдан да тайынбайды. Маған да осы сөзді жылқышылардың бірі айтқан еді. Ә.Шәр. ~ «Кәрі қасқыр» болмаса да, ол кісі түрлі саяси ойындарға қатысып, біршама ысылған. Оның деңгейіндегі саясаткерді қылмысты жасау үшін ең жоғарыдан санкция алу керек екені түсінікті. БАҚ.
