Posted in

КӘРІ ҚОЙДЫҢ ЖАСЫНДАЙ ЖАСЫ ҚАЛДЫ

Әбден қартайды, аз ғана ғұмыры қалды; бір аяғы жерде, бір аяғы көрде тұр. ~ Шырағым, жас емессің енді… іністет – іністет деуші едің, оныңа түстің. Енді мына өлмелі кемпір – шалдың саған қояр тілегі бар. Біздің қолымызды ұзарт. Кәрі қойдың жасындай жасымыз қалды, бір аяғымыз жерде, бір аяғымыз көрде. Н.Сер. * Жылы орынды суытып, не бар екен Қазақстанда? Қанат сияқты оқығандар, жастар барса, оның жөні бір басқа. Кәрі қойдың жасындай жасымыз қалғанда, қашқын болар шамам жоқ. Т.Рыск. * Оның бар арманы кәрі қойдың жасындай өмірі қалғанда, егде тартып, етек басқан шағында түрме қорлығын көрмей, осы ата-баба, туып-өскен Алатаудың төңірегінде көз жұму болған. Б.Қыд.