Тісқаққан қу. ~ Әлгіде жас жігіт боп елесте- ген кәрі қақсал бұған батылдана көз тастап, қабағымен арбайтындай. Ө.Кәр. ~ Брежнев қайтыс болған соң Бас хатшылыққа кандидатурасы алғашқылардың бiрi болып аталды. Екi мәрте кәрi қақсалдар айласын асырып, алдын орап кеттi. Үшiншiсiнде әйтеуiр атқа қонды ғой. Жастың аты жас. Т.Сәук. ~ Мұны арбаған күй оны да сиқырлап жасартып жіберген. Гауһардай берік, тастай қатты бойжеткенді күй құдыретімен баурап, әбден босатып алған әккі қақсал шабытын қамшылап үстін-үстін үдетті. Қызды құшағына тартып дегеніне жетпейінше тоқтамайды. Ө.Кәр.
