Қаһарын төкті, зәрленді. ~ Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын, Шамырқансам, шатынап сынар болатпын. Кәр қылар деп, тақсыр-ау, Аяғыңа бас ұрман. Байеке-сұлтан ақ сүйек, Қыларың болса, қылып қал – Күндердің күні болғанда Бас кесермін – жасырман. Махамб. ~ Оқтары таусылғанша жауын ілгері бастырмапты. Амантайдың оғы таусылған соң «ақ батырлар» тұмсықтары қан-қан болып, шулап, Амантайға кіріпті. Кәр қылғыш «ерлер» — Амантайды астын үстіне келтіріпті. С.Сей. ~ Осы жерден Ботпайларды көшіргеннің ішінде мен де бар едім ғой. Бәрімізге кәр қылған Қамысбаевқа қарсы шыға алмай мөнді-мөңді деп көнгеннің бірі мен емес пе едім. Б.Қыд.
