Саф таза ауа. ~ Аз-мұз жаяу жүріп, қан таратайық, Елеке. Жолай қысқы даланы тамашалаңыз. Иіні тар қалада мұндай кәусар ауа күнде таптыра бермес,— деген Қытан жеңіл машинаны қалдырып кетті. М.Қаб.~ Мұндай кәусар ауаны үзіп-жұлқып жұтпай, сіміре беру керек саумал қымыз сияқты. Ш.Мұр. ~ Тізесінің дірілдегеніне қарамай аяғының астына орындық қойып, терезенің жоғары жағындағы кішкентай жақтаушасын ашады, сол кезде бөлменің ішіне көктемнің кәусар ауасы жұпар иіс болып құйылады, бұл бозқараған гүлінің хош иісі еді. М.Айым. ~ Бейіске бергісіз ата жұртының кәусар ауасын жұтып, ыстық нұрына риясыз шомылып отыр. Бір сирек шұғылалы сәтті бастан кешіп отыр. С.Ел.
