Қақ жарды; бөліп-бөліп тастады, қақ ортасынан ыдыратты. * Қырдан соққан қара дауыл қас қаққанша әлсіз мұздың көбесін қақ айырып ашық теңізге қуып ала жөнелгенде, аш бөрі де тоқымдай бір сеңде ығып кете барған-ды… Ә.Нұрп. * Жел үдей соғып, көбесін әр жерден сөгіп жіберсе де, неше күннен иемденіп, мызғымастай сезінген қара бұлт қайта жалғасып, селдірей созылып барады. М.Сүн.
