Posted in

КӨБЕҢ АТ

Аздап қоң біте бастаған ат. ~ Машинамен бел орақ жарысқа түскендей болды. Аз күн қымыз ішіп, көбең атша көмпиген бозбаланың маңдайынан ащы тері шұбырды. Б.Май. ~ Бірақ, көбең ат алысқа жүгіре алмайтыны сияқты, жаңадан жан кіріп келе жатқан елдің экономикасы осыншалық шалқығанды көтере алар ма екен? Т.Рыс. ~ Көбең ат семірген жер, жаз жайлаған, Хан, қара мекен етіп, мал айдаған. Ағашты жаңғырықтырып өлең айтып, Сұлу қыз кешке жақын нар байлаған. С.Еру.