Елегізіген, елеңдеген көңіл. ~ Табаным — сыз, төбемде күн, алып қашып көбең көңіл біресе сәл жоғарылап, біресе сәл төмендедім. Ойға қарап өлең құрып, Өрге қарап келем жүріп… Ж.Нәж. ~ Асқақ ханға ұқсадық аста ат барда, Көбең көңіл балалық бас баққан ба! Маңдайымды жарушы ем темірге ұрып, Бақайымның басынан тас қаққанда. Св.Нұрж. ~ Онсыз да тоқ, көбең көңілдерді ауыздықпен алысқан сайгүліктер тіпті көптірді. Әрқайсысы-ақ күмпіп сөйлейді, кеңкілдеп күледі. Үзеңгіні аяқ ұшымен тірей, алыс-алыс көз жіберіседі. Бәріне осқырынып, үркіп қарасады. Ж.Нәж.
