Әлдебір ауыртпалықтан құтылды. ~ … бір кездері салт-дәстүр атаулыны ескілікке, кертартпалыққа жатқызып, оның көгенін үзіп, түп тамырына балта шабуға шақырған әпербақан науқаншылдық ауқымның бізді ес жиғызбағаны да шындық қой. БАҚ ~ Кеткен шылбыр үзіп менен, Үзіп күдер, үзіп көген. Алла-тағала сыйлайтұғын, Сен шығарсың «Қызық» деген. Ә.Айм. ~ Күй тербеген көк түнім, күтіп үміт таңдардан. Өтті уақыт… Өтті күн… Қыр басында қалды арман… Өртіменен жүректің үзіп түннің көгенін; құшағында бір оттың, өлмеу үшін өлеңім… Күйіп-жанып келемін! Н.Ораз.
