Posted in

КӨГІС ТАРТТЫ

Өңі қара көлеңкеленіп, шаршаңқы, жүдеу көрінді. * Кемпірі де аңшының кенет көгіс тартқан жүдеу жүзіне қарап аяған. С.Сағ. ~ Тыныштық болушы ма еді? Есіңде болсын, шаруашылықта тыныштық деген болмайды, — деді өңі көгіс тартып. Қ.Жұм. ~ Әкесінің маңдайы көгіс тартып бара жатқанын көргенде Тұяқ қолындағы магнитофонның тілін бармағымен баса салды. Ә.Кек. * Бет- жүзі өлекседей көгіс тартқан, жанары лайсаң, көз маңайы қызыл жиектеніп, мөлиіп қапты. Ә.Асқ.

  1. Көгере бастады, көгілдір бояуға бөленді. * … қияқ мұртты дембелшең жігіт шуақ төккен күнді де, көгіс тартқан жерді де елейтін емес. С.См. * Айдың піскен сүттей сәл көгіс тартқан ерекше нұрлы сәулесі оның жаздық көйлегінің төмендеу ойылған жағасынан қылқия қалған нәп- нәзік, үлбіреген мойнын, әнтек шолақтау біткен әдемі мұрнын, сүйір де, жалпақ та емес жұп- жұмыр иегін пілдің сүйегінен жонғандай тым мінсіз етіп тұрды. С.Ас.