Ыстық көрінді, жүрегін жылытты. ~ Міне, сол үшін де Сілеусіннің қоңыр адырлары көзге оттай басылады. Ж.Шәк. ~ Міне, мен Алматыдамын. Гауһарды іздеп келе жатырмын. Таныс қақпа, таныс үй көзіме оттай басылды. Жүрегім лүпілдеп, бір ысып, бір суынады. Б.Соқп.
Ерекше әсерлі, естен кетпестей көрініс туралы. ~ Алайда, атын қайта-қайта атап және бар пәрменiмен терезеден өзiн-өзi доптай атқан әйелдi көргенде жүрегi тас төбесiне шықты. Жөпелдемеде не iстерiн бiлмей састы. Жығыла-сүрiне жүгiрген Анар көзiне оттай басылды. Р.Рай. ~ Жоқ, жоқ! Өңімде көрдім. Кеше оны анау көрші бала әкелген. Сол кезде кәзиттегі таныс бейне көзіме оттай басылды. Бергісі келмеп еді, ақша бердім. Е.Айғ. ~ Соңынан шүйкедей созылған шаң білінеді. Жалғыз ноқат
Яақала келе, бурыл тартып, Байшұбар екені көзге оттай басылды. А.Сей.
Айрықша елең еткізген, етене таныс не қымбат көрініс туралы. ~ Қараса, алыста келе жатқан біреу көрінді. Көзіне оттай
басылды. Мұқан! Дәл өзі. Ш.Бейс. ~ Шырғадағы тырнағын алмақ болды айырып. Іс бастасаң абырой сəтіменен аяқтау,
Көзіне оттай басылды өзі таққан аяқ бау. Д.Әбілқ. ~ Ит жүгiрген бағыттан, сай аңғарынан есекке мiнгескен бiр топ
бала жалғыз аяқ жолмен жеделдете жүрiп бара жатыр екен. Ақтайқары көзiне оттай басылды. Үстiндегiсiн де тани кеттi.
Кәдiмгi – Төрехан! О.Елс.
