Тастай қараңғы; ештеңе көріп болмайды. * Атқа қамшы басты. Қалғаны – ұзай берген ат дүбірі, көзге түртсе көргісіз өліара қараңғылығы. Е.Зей. * Құлағы шуылдап, денесі мұздап жөнелді. Көзге түртсе көрмейтін тас қараңғы.
Қанша үңілсе де, ештеме байқалмайды. Д.Дос.* Екі-үш тәулік жаңбыр астында көзге түртсе көргісіз қараңғы түнде жалғыз өзіміз қой да күзеттік деп гүпілдетеді. Қ.Ысқ.
- Киіз үйдің іші көзге түрткісіз көрінбейтін қараңғы. Сырттан сыбыр-сыбыр әлдебір әңгіме айтқандай жаңбырдың сыртылы естіледі. О.Бөк. * Оның үстіне бір қара суық жел шығып, гуілдеп соғып, мазаны кетіре бастады, Түн көзге түртіп алса көрінбейтін тастай қараңғы еді. М.Әу.
