Жек көрінішті; елден ерек, ұнамсыз. ~ Ол алмаса… онда мені кім алады? Мен бір ел-жұртқа әйгілі көзге шыққан сүйел болған екем ғой! Ақылымнан адасқан сорлы мұны білсемші!.. Ж.Айм. ~ Қажығұмар Шабданұлы да осы жаланың құрбаны болып, 1967 жылы түрмеге түсті. Оның «көзге шыққан сүйелдей» болуының да өзіндік себептері бар. Ж.Шәк. ~ Сонау тым сойқан елестейтін сиықсыз тас діңгек айнадай жалтырап жатқан көк шәйі аспанға абайсыз тиіп кеткен лас дақтай боп мәңгі бақи осылай, көзге шыққан сүйелдей боп, қадалып тұрып алатындай. Ә.Кек. * Қытайлардың көзіне шыққан сүйелдей болып, сұмдардың қарауылында біз ғана қалдық. Ж.Шәк.
