Posted in

КӨЗГЕ ШҰҚЫДЫ

Бетіне басып, масқаралады; мазақ қылды; айыптап, сөкті. * Бәрі де: «Мамырбайдың орыс талқылаған қызын қара!» деп, ақсақалды көзге шұқыған тәрізденді. Енді Ақбілегі әкесіне масыл болды. Бала ұстаған емес, жұртқа тамашалауға маймыл ұстап отырған кісі тәрізденді. Ж.Айм.

  • Жантас. Мың асқанға бір тосқын деген. Күн бір жауса, терек екі жауып… Онсыз елдің жылауы, дерті аз боп тұрған жоқ бұл күнде. Мынадай қан жылап тұрған күнде көзге шұқымасаңдар етті тым құрмаса. М.Әу. * Онда елдің бәрі мазақ етіп, жора-жолдас көзге шұқымай ма?!.. О.Сәрс.
  • Қайта көшіп кетуді намыс көрді. “жұтап, тозып қайтып келді ” деп көзге шұқиды деп арланды. Ж.Сәм.