Түр-тұрпаты жағымсыз әсер қалдырды. ~ Сүйегі жануардың жылқыдан жат, Бұл емес теке-жаумет, не қазанат. Күйкиіп көзге қораш көрінсе де, Шапқанда шалдырмастай бітер қанат. І.Жанс. ~ Ой, рахмет, бауырым! – Қуанып кеткен қойшы, атын борбайға бiр салып, далақтап шаба жөнелген. Көзге қораш көрiнгенмен қарулы, ептi екен. Т.Сәу. ~ Аяқ астынан заимкенің төбесі шошаң ете қалды. Ұшпа қияға жапсыра салған тоқал тамның мұржасы мен тершең есігінен бу атып жатыр екен, көзге қораш болғанмен, талай жыл бауыр басып қалған жапан түздегі жалғыз мекен Бекетке жылы ұшырады. Қ.Ысқ.
