Назарынан тыс қалдырмады, қамқор болды, бағып-қақты, бақылауында ұстады.~ Құлагер, қуанышпен қосып тұрдым, Қоссам да қауіптеніп шошып тұрдым; Қылмаған көзден таса, Құлагер-ай! Қайтермін, бір қарақты тосып ұрдың… І.Жанс. ~ Кешеуілдеп көрген Қайыпты Қорабай екеуі кезек шайқап, көзден таса қылмай, бағып-қақты. Ү.Жәл. Бұл өз төңірегіндегілердің ішіндегі күмәнданатын адамдарын, қайда жүрсе де, көзінен таса қылмай, өзімен бірге ала жүретін-ді. Ә.Кек. * … Шекер қызына қарлығаштай шыжбақ боп, жүрсе-тұрсы көзінен таса қылмай, тұтқындағы жаннан бетер бағушы еді. Ж.Айт. * … Ыбырайдың мазасы кеткен соң, ақыры қаржас елінің көз көрмеген бір жігітіне айттырып қойған. Содан бері бар ауыл Балхадишаны көзінен таса қылмайды С.Жүн. ~ “Суға жетеді!”— деді.әкей. Тәңірі өзі жаратқан жан иесін көзінен таса кылмайды. Апарады бастап қажетті жеріне. М.Мағ.
