Posted in

КӨЗДЕН ТАЙДЫ

Көз алдынан кетті, көруге зар болды. ~ Осы кісілер қандай екі жүзді. Сәудегер сияқты сезіміне дейін бұлдап саудаға сап жүреді. Әйтпесе көзден тайған кісінің кеңілден де кетіп ұмыт болатыны несі? Ә.Нұрп. ~ Көкжота алыстаған сайын биіктеп кетеді де көзден тайып болса да көңілде сол көк тіреген қалпы қала береді. Қ.Ысқ. * Аянышты жері Мақпал қансырап қалған, жазылмайды, өледі. Он бес қызды Сегіз сері еліне қайтарады. Бәйек болған Мақпалы көзінен тайған соң, Бақтиярдың үйінде жата алмай көп өксіген Сегіз сері Арқадағы еліне келеді. Ә.Марғ.