Posted in

КӨЗДЕН ҒАЙЫП БОЛДЫ

Жоғалып кетті; көрінбей қалды. * Сонша іздеуге түсіп, көзден ғайып болған Амантай жоғалған да жоқ, онша ұзаққа қашқан да жоқ. С.Мұқ. * Желегі желпілдеген топ қыздың ішінде сенің ойлы жанарың маған ғана қадалушы еді. Мен соған мәз едім. Ал, бір күні… Білмей қалдым, ойда жоқта көзден ғайып болдың. Бәрі де өң мен түс И.Жақ. * Сәт сайын қыстау үстіндегі кемпір тұлғасы аласара түсті, бірте-бірте жіңішкере-жіңішкере, ақыры, бір тал қияқтың басына ілініп қалған шөкім түбіттей әлсірей, үлбірей кеп көзден ғайып болды. Ж.Нәж. * Биіктеген сайын ақ қылау нұрға оранып, жұлдыздай ағып көктің қиыр шегіне сіңіп көзден ғайып болғанша аңтарыла қарап қалдым… Т.Сәу. ~ Көп ұзамай бұның көкесі де, көкесін алдына салып айдаған аттылар да қыр асып көзден ғайып болды. С.Ел.