Posted in

КӨЗДЕН ҚАН (ҚАНДЫ ЖАС) АҒЫЗДЫ (АҚТЫ)

Еңіреп, зар ұрып жылады. ~ Тірілей ерлер көміліп Жер астында қазды тас, Тірілей жаннан түңіліп, Ағызды көзден қанды жас. А.Байт. ~ Әйткенмен жұлқынсаң да, шыға алмадың, Мықты боп түскен қақпан қапияда. Уа, дүние! Ғылым қуып жете алмадың, Құр ойбай көзден аққан қан тия ма? Шәк. ~ Сұмды алдап Қарлығаш, Ұзын тілін жұлады. Көзден ағып қанды жас, Сона ызылдап жылады. А.Ас.