Posted in

КӨЗДЕН ҰШТЫ

Жоғалды, ғайып болды, келмеске кетті. ~ Көбеген барлық ертегісімен жер койнына еніп, біржола көзден ұшқан соң-ақ Яков қайтадан қатайып алды… М.Мағ. ~ Көк күмбез, көгілдір мұнаралар көп ұзамай көзден ұшты. И.Сап. ~ Көріспей жатып, көзден ұшпай, Сабыр етші, садағаң болайын. Ә.Кек. ~ Жанарында пендеңнің күз келеді, Көзден ұшқан құс сынды – іздегені. Жапырағы тоналған тоғай үнсіз, Көк төсінде – тырнаның тізбелері. Н.Ор.