Posted in

КӨЗДІҢ ҚАРАШЫҒЫНДАЙ САҚТАДЫ (ҚОРҒАДЫ, КӨРДІ)

Қасиетті, аса бағалы, құнды дүниедей бағалады. ~ Көзінің тірісінде әулие атанған, ері шешен, әрі батыр Ескелді бидің кейбір заттарын ұрпақтары әлі күнге дейін көздің қарашығындай сақтап отыр. Б.Тоғ. ~ Бүкіл дивизия сияқты, біздің бөліміміз де ұлы Москва шайқасының даңқты жауынгерлік дәстүрлерін көздің қарашығындай сақтап келеді… Ә.Нұрш. ~ Жо-жоқ, сіз өз сұлулығыңызды көздің қарашығындай сақтауыңыз керек. Ол сізге керек. О.Уай. ~ Институттың әрбір ірілі-ұсақты мүлкі — социалистік меншік; соған ұқыпты қарауымыз керек, көздің қарашығындай қорғай білуіміз керек деген тәрізді жұрттың бәріне түсінікті жайларды ескертумен тынды. Т.Әл. ~ Бәрің де тістің суындай, көздің қарашығындай жаңа пісіп келе жатқан көк өрім азаматсыңдар. Ж.Айм. ~ Содан кейін көзіне жас алды. –Мен де сені көзімнің қарашығындай көрем. МбТ.