Әлдебір көріністің ерекше ынтықтырып, қызықтыруы, тәнті қылуы хақында. ~ Осындай ойындардың бел ортасында басқалардың көзінің құртын қоздырған бір кесек майлы ет – қазақ даласы жатты. Ж.Шәк. ~ Бір уыс қоңыр маржаннан бөлек қадаған көгала жақұттай жарқыраған ақкөк, үшеудің көз құртын қоздырып, көңілдерін желіктіреді. М.Алм.
