Басы-қасында болғандай, күмәнсіз (сөйлеу). * Оның білмейтін әкімі де, сөйлеспеген адамы да, білмейтін заңы да жоқ. Соның бәрін көзімен көріп, қолымен ұстағандай, су төгілгісіз қыла, нандыра, жанын бере, орысшаны ара-арасына қыстыра сөйлейді. Ж.Айм. ~ Темір Қанығұл деген әдемі алаңында сайрандауға шықты. Үйткені ол далаға шықса, қай жаққа өлім себу керектігін көзімен көргендей болып қайтатын еді. Айналаға көз жіберіп, жердің етегіне дейін көргісі келді. Ғ.Мүс.
