Posted in

КӨЗІМЕН ҰЗАТЫП САЛДЫ

Артынан қарап қалды. Оны көзімен ұзатып салған бас бухгалтер аузынашып аңырайып отырып қалды. О.Сәр. * Жәзира жігіт соңынан ұзақ қарап, көзімен ұзатып салды да, өгіздің делбесін қағып-қағып жіберді. М.Сүн. * Шөке мынау өмірде құлын-тайдай тебісіп өскен, бір ұйада мейірге бөленіп, егер-егеспен ертеңіне ентелеп келе жатқан бөкеге көңілдегісін сарқа айтып алғанына кеңіп қалғандай бөкенің ту сыртынан көзімен ұзатып салып отырған еді. Б.Жұм.