Posted in

КӨЗІНЕН ЖАС МОНШАҚТАДЫ (БҰРШАҚТАДЫ)

Көз жасы толассыз ақты. ~ Бір қарасам, көзімнен жас моншақтап келеді екен. Неге жыладым? Білмеймін. Әйтеуір, аға деп
арқа тұтқан адамымның мойны қылқиып итаяқтың қасында қара нанға қақалып отырғанын көргенде, өзімді бұрынғыдан да
бақытсыз, дәрменсіз, жетім сезіндім… Т.Сәу. ~ Шөке өз өмірінің осы жартас бетінде аяқтарын ойлағанда көзінен жас
моншақтап тәңір мен ата-анасының аруағына жалбарынудан басқа малы қалмады. Б.Жұм. ~ Уһ, Алла-ай! Не жазығым бар
еді?! Уһ! — деп, ышқынып жастықтан басын жұлып алды Пахраддин. Екі иығынан дем алып, дір-дір етіп, көзден жасы
бұршақтап кеп берді.