Көзі шоқтай жайнап шыға келді. ~ Көзінен от шашырайды. Ашу-кектің ұшқыны ма? Әлде өкініштің қамырығы ма, кім білсін?! Ж.Шәк. ~ Бірер жыл сүйреп қара, одан әрі ол саған салмағын салмас. Көремісің көзінен от жанып тұр… Ғ.Мұс. ~ Жазық маңдайына.төгілген майда қоңыр кекілі қара торы жүзіне ұнасып-ақ тұр. Қысыңқы қара көзінен от ұшқындайды. Н.Сер.
