Posted in

КӨЗІНЕН ТІЗДІ

Бір-бірлеп, түгел есепке алып, санап шықты. ~ Оларды жөнге салып, тәртіпке мойын ұсындырып қайтесің! Қай бір көзінен тізіп әскерге алып, қолынан жетелеп жұмысқа салып қарық болайын деп отырсың! Ә.Кек. ~ Оның жарасы жеңіл. Керек десең күні бүгінге дейін соңымнан қалмай жүгіріп, аһ дегенде ақ жалын атып жүргендерді көзінен тізіп шығуыма болады. Ш.Айт. ~ Қашса жеткізбейтін, қуса құтқармайтын «ақ аю» лақтап үлгермеген еліктерді, құралайын өргізер өріс іздеп, ауа көшкен ақбөкендерді көзінен тізіп әкеліп тас қамаудың ішін қызыл қырман етке толтырды. Д.Қуат.