Posted in

КӨЗІНЕН ҚАНДЫ ЖАС (ҚАН) АҚТЫ

Запа шекті, қайғыға батты, қорлық көрді. ~ Қызығыңды көрмедім, Киім де әкеп бермедің, Бекерге өтті-ау өмір жас. Тігілгесін бәйгеге, Көзімнен ақты қанды жас. “Алпам. б.” ~ ~ – Иә, би мен болыста, ауылнай, елу басыда ол боқты жемегені бар деймісің. Түбінде Сүйгембайдікі рас, осы қазақ құдай жүзін көрмес. Жайшылықта не оңдырады, прием жылы ел көзінен қан ағып тұрғанда бірін бірі жеп жатты ғой… Ғ.Мұст.