Posted in

КӨЗІНЕ АЙТТЫ (БАСТЫ)

Шындықты бетіне басты. ~ Хабардар әріңнен де, беріңнен де, Қатпарлы ақын, сән қуған серіңнен де – Мен бір жан көзіне айтар көңіл жықпай, Аға мен ініге де, келінге де. Т.Әл. ~ Маңайыңа Диқанбай секілді кірмені, қырық темірдің қылауындай қайдағы- жайдағыны жинап алдың деп, көзіне айтуға батпаса да, сыртынан үнемі қыжыртып жүретіні несі? Қ.Жұм. ~ Мұнда ол өз үйінде тұрады, айналадағы дүние-мүліктің бәрі мұның қаны мен тері сіңген, өзінен шыққан нәрселер және соның бәрінің иесі өзі болып табылады. Оны жұрттың көзіне басып, өзін көрсеткісі келмесе де, оны бәрі де мойындайды. В.Рас