Posted in

КӨЗІНЕ (ДЕ) ІЛМЕДІ

Көңіл аудармады, елемеді, назар салмады, менсінбеді. ~ … жалаңаяқ, жалаңбас қарала-торала боп топырлап жүрген қазақ баласын көзге іле бермеуші еді. Көзге ілгеннің өзінде аса бір аяушылық сезіммен емес, таңсық көре тамсана, таңырқаумен ессіз қарайтын, есіней күлетін. Дала кең, жол ұзақ… О.Бөк. ~ Жазушымын деп шалқаюдан, болдым-толдым деп семіруден,
басқаларды көзге ілмей шіренуден аулақ. Ж.Шәк.~ Бердібек Соқпақбаев туралы естеліктер жинағы мен «Аңыз-адам»
журналына топтастырылған естеліктер мен пікірлердің денінде: Бердібек саяқ өмір сүрді, қазақ жазушыларының ішіндегі
диссидент сол адам еді, «Өлгендер қайтып келмейді» романынан соң қолына қалам алмады, өлімі оқыс, жұмбақ болды, оны
ешкім көзіне ілмеді, – деген сарын басым. Т.Жұрт. ~ Содан ба, тез масайып, «Сырдың суы сирағынан келмейтін» дәрежеде
жүрді. Ақтотыдан басқа жан баласын көзіне ілмеді. З.Қыст.

Елемеді, көзінің қырын да салған жоқ. ~ Өзі де айналасындағы күйкі көріністі мойындағысы келмей, өзін қоршаған сұрықсыз тірлікті көзіне де ілмей, батыл да еркін жүретін. Б.Мом. ~ Енді тергеушінің күні туды. Сағаты соқты. Кешегі бұны көзіне де ілмейтін сұңқар ақын бүгін, о, жасаған, тәуба, бұның илеуінде жатты. С.См.