Көзге оттай басылды, ұнамды көрінді. Көңіліне жылы сезім үйірілді; жақын тартты. ~ Бұл үй көнелеу, қызғылт қаңылтыр шатырлары тоза бастаған, бірақ қаланын кақ ортасында тұрған соң болар, əжептəуір күтімі бар, сырт сылауы жаңа жаңғыра
беретін секілді. Көзге жылы ұшырайды. М.Әу. ~ Неге екені белгісіз, осы жігіт көзіне жылы ұшырады. Т.Сәу. ~ Қырыққа
іліне бастаған әйелдерді көрсе болды, өз шешесі есіне түседі. Анасы осы жаста қайтыс болып еді. Омскіде кездескен
Эльжбета Сергеевна көзіне тағы жылы ұшырап кетті. М.Қаб. ~ Ғазиза көз алмай қарап тұр: басына шәпкі, үстіне жеңіл
пальто, бұтына сым-шалбар, аяғына былғары етік киген ұзын бойлы ақ құба жігіт өзіне жақындаған сайын көзге жылы
ұшырап барады. Б.Тоғ. ~ Мынадай аласапыранда мың сан адамның ішінен қиыр шетте кездесе кеткен таныс адам дұшпан
да болса көзге жылы ұшырай кетеді екен. Б.Тоғ.
