Тұла бойын ашу қысып, кек кернеді, долырды. ~ Бірақ ол қозғала қоймады. Ашу қысып, көзіне қан толып кеткен Таубай машинаға ұмтылды. Қ.Жұм. ~ Қала мен далаға құтырған қасқырлар тиді. Қасқырдың көзіне қан толып, аузы арандай ашылып, тілі қарыс түсіп кетті. Қасқырда дамыл жоқ. Қасқыр ес-түсін білмей шабуда. Қасқыр тұмсығын сұқпаған жер жоқ, таланбаған ел жоқ. C.Сей. ~ …Анасын өлімге өз қолымен ұстап берген Бажақ құтырынып кете жаздапты. Көзіне қан құйылып сұлтанның өзіне ұмтылыпты. Ж.Сәм. ~ … құлап бара жатқан сәтінде секіріп барып қос аяқтап бөкседен тепкені, бұдан соң көзіне қан құйыла долданып, әлі құрып бүк түскен бейшара аманжанды бір теуіп кеткені есінде. О.Бөк.
