Posted in

КӨЗІНІҢ ЕТІ ӨСТІ (ӨСЕЙІН ДЕДІ)

Менменсіді, көкірек керді, дандайсыды. * Көзіңнің еті өскен ғой! – Не отырыс бар? Қуу керек. Бесақамен шаншу сауап ол кәззапқа! Т.Әл. * Ана жылы Саржалдың тақырын кезіп, тышқан аулап жүрген бейбақ емес пе едің? ЕНді тамағың тойғасын көзіңнің еті өсейін деген екен ғой, ә, бывший тышқаншы?! О.Сәрс. * Сәменнің көзінің еті өскен екен. Кімді басынады. Үркөппе, даңғойдың құдайын ұмыта бастағаны- ау! C.Смат. * Сендей бай-құлақтың құйыршығын құрту керек! О несі-ей, әлде қандай болып! Көзінің еті өсейін деген екен… Б.Тоғ.