Көзі қарауытып, өмір нышаны бәсең тартты. ~ Осы жолы анық таныды. Нұры сөнген қара көздің жүректе қалған бір ұшқыны кеудесін шарпығандай сезінді. Хонтайшыға баяу бурылды. С.Смат. ~ Сұрғылт көздері де бұрынғыдай емес, нұры сөніп, қанталап, қызара қалған. І.Ес. ~ Шыңғысқа шапалақ тиген бетінің сүйегі күл-талқан боп қирап қалған сияқтанды; соққан шақта жарқ еткен көзінің нұры сөніп қалғандай қарауытып кетті, миы да шайқалғандай, теңселіп барып, қасында тұрған кең диванға құлап түсті… С.Мұқ. ~ Сау-тамтығы қалмаған денесі қол тигізбей тітіркеніп, жаны тырналып тұрса да, Нұрлан міз баққан жоқ, нұры сөне бастаған көзін Романның көзіне қадай түсіп ақырын үн қатты. Ә.Әб.
