Әлі құрып, жанары көмескіленді. ~ Сол кезде біреу шықты есік ашып, Өлген кісі сықылды қаны қашып. Белі именген, көзінің оты сөнген, Бір тұрып, бір жығылып азар басып. Шәк. ~ Көз алмай, өзеурей қарады. Мен шыдай алмадым. Оның сүзілген көзінің оты сөне бастаған екен. Соның ақырғы отының ұшқынына шыдай алмадым. Дәтім шыдамады. С.Бақ. ~ Бетінің әрі бәрібір таяды. Көзінің оты өшеді, шаштарының түсі кір тартып, еріндері солады. О.Уай.
