Posted in

КӨЗІНІҢ СҰҒЫН ҚАДАДЫ

Қызыға, сұқтана, ашкөздене қарады. ~ Ай, не болды сонша көзіңнің сұғын қадап? Машина көрмеп пе едің? Д.Қуат. ~ Астымдағы шабдар жорға да ағамдікі. Дәрпі шыққан әйгілі жорға. Ағам майданға кеткелі осы жорғаға көзінің сұғын қадаушылар көбейді. Н.Сер. ~ Жігіт қыз жұмысына кіріп кеткенше көзінің сұғын қадап, ойланып тұрып қалды: «Шіркін, енді ана… маған бұйырмайды ғой!.. Жоқ, қайда барар дейсің?!. Д.Рам.

  1. Жақтырмай, сес көрсете көз салды. ~ Қымызға бір хос тәуір едің ғой. Неге шабандап отырсың? – деді Нұртай көзінің сұғын қадап.- Ішіп қой. Қанбасаң, тағы да құйып іш. С.Ом. ~ Уәдесі – уәде. Соны алдымен ана шалға айтады. Кірпік қақпай қадалған шүңірек көздің сұғын сүңгідей қадаса қадай берсін. Ә.Нұрп. ~ Әлдене деуге ыңғайлана беріп, жандарал тілін тістей қояды. Шаншылып Азынабайға шөлмек көздің сұғын қадайды. С.См.