Posted in

КӨЗІНІҢ ҚҰЙРЫҒЫ ТҮСТІ (КӨЗІНІҢ ҚҰЙРЫҒЫМЕН ҚАРАДЫ)

Көзінің бір шетімен ұрлана қарады. ~ Ақбілек олардың бетіне тура қарай алмады, кіріп келгенде ғана немесе түрткенде ғана көзінің құйрығы түсті. Ж.Айм. ~ Терлеп-тепшіп, кеңк-кеңк күле береді. Оқта-текте бастығының ыңғылын бағып, көзінің құйрығымен ұрлана қарап қояды оған. Т.Рыск.