Posted in

КӨЗІН АШТЫ

Езгіден, қанаудан құтқарды, жақсы өмірге жол салып берді, санасын оятты. ~ Құрттай ғана намысың болса, шығар дауысыңды! Сүйген жігітің міне қасымызда, қосыласың, қосамыз… Тұмсықтыға шоқытпаймыз, азулыға тістетпейміз… Сендей əйелдің талайын құтқардық, көзін аштық!.. – деп ауылды кезіп жүріп айқайлады. Ж.Айм. ~ Бұл ұлтшылдық қазақ газетінің рухында барды. Газет тұрмысқа жанасатын керекті көздеп, жұртты өнерлі қылуға, көзін ашуға тырысады. Ж.Айм. ~ Кедейлердің көзін ашқан компартия, енді байларды мақтайтын болды ғой? Мен сияқты мүгедек жарлының еңбегін кім көріп жатыр қазір? Т.Рыск.

  1. Судың ағар жолын тазалады. ~ Сүйір тас тауып алып, бұлақтың біраз көзін ашқан болды, онан баллон дорбаны ұзақ отырып әзер толтырды. С.Мұр.
  2. Сауатын ашты. ~ Сенің қазіргі әнің де, сәнің де жақсы- ау, жігітім. Өз еліңе өнермен үлгі шашамын, көзін ашамын
    дегеніңді де құптаймын. Қ.Жұм. ~ Науан хазірет Көкшетау дуанында тұңғыш мешіт салғызып, медресе ашып, осы өңірдің
    жастарына алғаш хат танытып, көзін ашқан ғұлама ғалым, үлкен ұстаз. С.Ақт.