Posted in

КӨЗІН ТАРС (ТАС ҚЫП) ЖҰМДЫ

Көзін қатты қысты. ~ Резом екі қолын көкке жайып жіберіп, қазандай төбел басын шайқап
қойып, көзін тарс жұмып: – Пах, пах, пах! – деп тұр. – Мынау нағыз Грузия ғой! Кем болса
“Грузиядан сәл- пәл- ақ кем шығар! “Бриони” деген сөздің өзі біздің “Риони” деген сөз емес
пе?! Ә.Тар. ~ Тек қозғалуға, тіпті жан- жағына қарауға батылы барар емес. Көзін тарс
жұмып жата берді. Е.Боқаш.

Көзін қатты жұмып алды. ~ Мен түнгі кемемен кетпекші едім, апам қой сойып, тоқым қағар жасап, бірталай үлкендерді шақырыпты. Еңкейіп, сығырайып кемпірлер, күркілдеп, түкірініп шалдар келіп қалды. Қорыққандай, көзін тас қып жұмып ап, құлақтарына дейін дірілдеп, үлкендердің алдына бас бара жатыр. Ғ.Мүс. ~ Төбе шашын уысы толғанша бұрап ұстады да, көзін тас қып жұмып тұрып қалды. Еламан да қыбыр етпеді. Ә.Нұрп. ~ Алдыңда апаң сияқты болып кеткен кемпірің адырайып отырады. Көзіңді тарс жұмып қанша жатқаныңмен манағы бал елестің бірде-бірін таппайсың. Ж.Шәк. ~ Алғашында-ақ басы мен денесі екіге бөлініп қалған кемпірдің бір санын көзін тарс жұмып алып шылпылдата мекіреніп жеп отырған келіншектің аузы-басы қызыл қанға боялған. Қ.Мүб.