Көкірек керді, менменсінді. ~ Екінші, сол уақта, өзі сурет ала алмаған бірлікке қырсықтың қара басы боп партия деген
қағынды тиді. Жауыздық, залымдық қара бұлттай қоршап, халықты астаң- кестең қылып, өзді- өзімен атыстырып, көзді шел
қаптады. Ж.Айм. ~ Тап қазір өзінің зеңген зіл басы да сауысқанның жемі… Көзін шел қаптап, танымын тұман тұтып тұрған
жоқ па? А.Алт. ~ Маңайындағылардың өтірік мақтауынан көзін шел басып, құлағы бітеліп қалған. Ештеңе көре де, ести де
алмайды, көргісі де, естігісі де келмейді. Д.Рамаз. ~ Бақ пен тақтан басы айналып, көзін шел басқан, ақыл-парасаттан
айрылған ханның ойынша елдегі қарт кісілердің бәрі дайын асқа тік қасық масылдар екен. С.Дос. ~ Шіренеді шенеунік,
Кіреуке – Көзін шел басқан. Бұл күнде түйір пайда жоқ Ағайын, Достан, Жолдастан. C.Тұрғ.
