Posted in

КӨЗІ АШЫЛДЫ

Сауатын ашты, надандықтан құтылды, ақиқатқа көзін жеткізді, бұрын білмегенін білді, түйсінді. ~ Ол қандай шара? Қандай күш? Қартқожаның көзі жетпейді. Әлде отырықшы болып, егін салып кәсібіне айналу ма? Сонда қазақтың көзі ашылар ма? Ж.Айм. ~ “Бәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ” дегендей. Байға күні түскен кедейдің қырда да, ойда да көзі ашылар шақ жоқ екен ғой! – деп тоқтады. М.Әу. ~ Қатынының етегінен айрылып көрмегендер жер көріп, көзі ашылып қайтатын болды. Т.Ахт.

  1. Жолы болды, өмірінде оң өзгерістер орын ала бастады. ~ Көршінің қатынымен Қожаның өсегі білінген соң, әкеміз шығарып жіберіп, содан кейін көзіміз ашылды. Ж.Айм. ~ Қалай Бәдіғұлдың жылқысын бақтым, солай көзім ашыла бастады. Ж.Айм. ~ … биыл қыс ортасында, жалғыз жас баласын жетектеп, шалдығып-талып осы колхозға кеп көзі ашылған еді. М.Әу.
  2. Арнасы тазартылды, жолы ашылды. ~ Үрімжі қаласын тамыздықпен қамдауға дайындалған бұл отындарды тасыған машиналар шұбырып жатады. Жеркепелер аралығында аса тереңге жіберілген түтіктерден атылып шығып жататын суаттар көзі ашылған. Ғ.Біл. ~ Оны сүйген сайын, ғажаптанып таңырқаған сайын, жаратқанның хикматына не дерсің, көкіректері көзі ашылған бұлақтай сарқырап, шабыттары тасқындаған үстіне тасқындай түсті. Т.Сәу.